Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
10 кіреберіс, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Жаңалықтар

Мемлекеттік кірісіне  «КазТрансГаз Аймак» АҚ-ның Атыраулық филиалынан 4 040 000 теңге көлемінде айыппұл соммасы өндірілді
13.02.2020 19:01

Мемлекеттік кірісіне «КазТрансГаз Аймак» АҚ-ның Атыраулық филиалынан 4 040 000 теңге көлемінде айыппұл соммасы өндірілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес «ҚазТрансГаз Аймак» АҚ-ның Атыраулық филиалы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Нақтырақ айтқанда, Атыраулық филиал Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 24-бабының 10-тармағының 3) тармақшасының талабын бұзған, онда реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділік ұсынылған кезде табиғи монополия субъектісіне, соның ішінде табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды сақтаудан басқа, өзге талаптарды тұтынушыға қоюға тыйым салынатыны айтылған. 

Күні бүгінге 4 040 000 теңге көлеміндегі айыппұл сомасы мемлекет  кірісіне өндірілді.

Изменен: 13.02.2020 19:08