Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
10 кіреберіс, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Жаңалықтар

СҚО департаментінің іс-әрекеттеріне шағым беру туралы өтініш талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы сот шешімі шығарылды
13.02.2020 17:36

СҚО департаментінің іс-әрекеттеріне шағым беру туралы өтініш талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы сот шешімі шығарылды

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2019 жылғы 17 қазандағы №1 нұсқамасын даулауға қатысты  «Севказэнергосбыт» ЖШС-ның  өтінішін қарау нәтижесінде СҚО бойынша  мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен  «Севказэнергосбыт» ЖШС-ның  талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарды.

Солтүстік Қазақстан облысының аппеляциялық алқасы 2020 жылғы 5 ақпанда бірінші инстанциядағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды, ал «Севказэнергосбыт» ЖШС-ның  аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады.

Еске сала кетейік, жылумен жабдықтау қызметін тұтынушыларға 2018-2019 жылғы жылыту маусымы бойынша  жалпы сомасы 30 149 582,02 теңгеге қайта есеп жүргізу нәтижесінің күшін жою бойынша «Севказэнергосбыт» ЖШС-на талаппен Департамент 2019 жылғы 17 қазанда №1 нұсқама шығарған болатын.

Изменен: 13.02.2020 17:40